21 мыңның жыры: Жәрдемақыны алушыларға жаңа талап қойылады
Kyzylorda-news.kz. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алу тәртібі өзгергенін хабарлады, деп жазады Informburo.
Енді жәрдемақы алуға үміткер тұрғылықты мекен-жайы бойынша кемінде алты ай мерзімде тұрақты не уақытша тіркеуде тұрғаны туралы анықтама ұсынуы керек.
"Жұмыспен қамту орталықтарына кейбір азаматтар жәрдемақыны тағайындату үшін әдейі уақытша тіркеуде тұрғанын растайтын құжаттар тапсырған" деп түсіндірді енгізіліп жатқан жаңалықты орталық мамандары.
Атаулы әлеуметтік көмек мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электронды құжаттар негізінде тағайындалады. Алайда мемлекеттік органдар жүйесіне кейбір деректер тек 2008 жылдан бастап енгізілген. Бұл алимент бойынша берешектер, бала асырап алу, бала тууға байланысты ақпараттар.
"Егер жүйеде мәліметтер болмаса, жұмыспен қамту орталығының маманы сұраным жасайды. Оған жауап 30 күн ішінде келуі тиіс. Енді жәрдемақыға үміткерлер әтаулы көмекті алуға растайтын құжаттарын өздері де тапсыра алады" деп түсіндірді Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті Анархан Дүйсенова.