«Жолда қабылдау акциясына» жас инспекторлар да үлестерін қосты
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы көлемінде екі күн бойы өткізіліп жатқан республикалық «Жолда қабылдау» акциясына жол қозғалысының жас инспекторлары да белсене атсалысты. Бұл туралы полиция департментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жас инспекторлар қала орталығындағы «Мұрагер» мектебінің бастауыш сынып оқушыларына көшеде дұрыс жүріп, бағдаршам, белгілеріне дер кезінде көңіл аудару секілді маңызды мәліметтер айтып, жас өркен ретінде қозғалыс ережелерін сақтау туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Айта кетерлігі, облыс көлемінде, жол қозғалысы жас инспекторларының 287 жасағы бар.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың тамыз айының 18-25 күндері аралығында Қарағанды қаласында өткен «Ғазиз Байтасов атындағы қозғалыстың жас инспекторларының 19-шы республикалық» слетінде Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті №36 мектеп-гимназиясының оқушылары саптық байқау бойынша 2 орынды қанжығаларына байлаған болатын.
