Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде түнгі сағат 12-ден кейін той тойлауға болмайтын ауданның бары рас па?

Елімізде түнгі сағат 12-ден кейін той тойлауға болмайтын ауданның бары рас па?

Kyzylorda-news.kz. Жамбыл облысында орналасқан Тұрар Рысқұлов ауданында тойға қатысты жаңа ереже кеңінен етек алған. Көктемнен бері қолданысқа енген жергілікті биліктің талабы бойынша мерекелік кеш түнгі сағат 00:00-дан аспауы керек. Қуанышын уақытында аяқтай алмағандар мен мейрамхана қожайындарын ірі көлемде айыппұл күтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аудан тұрғындарының сөзінше, ереже тойларда осы жылдың наурыз айынан бері қолданылуда.
Олар сағат 00:00-де жарты сағат уақыт қалғаны айтылып, мейрамхана әкімшілігінен ескерту болатынын жеткізді.
«Бізде осы ереже енгенге дейін той түнгі он-он бір кезінде басталып, таңға дейін жалғасатын. Адамдардың мейрамханаға жиналуы үлкен мәселе еді», - деді аудан орталығының тұрғыны.
Ол осы жылдың басында жергілікті билік тарапынан тойды түнгі он екіден асырмау туралы талап шыққанын айтты.
Тұрғынның сөзінше, бастапқыда халықтың ережеге мойынсынуы қиынға түскен.
«Алғашында адамдар үйренісе алмай жүрді. Уақыт өте келе көбісі ерте келуді әдетке айналдырды. Қазір бәрі тамаша. Қонақтар уақытында келетін болды. Той кешкі сегіздерде басталып он екіге дейін жалғасады. Тура он екіде тойды аяқтауға жарты сағат қалғаны хабарланып, ескерту айтылады. Он екі жарымға дейін қуаныш иелері мерекелік кешті аяқтай алмаса, мейрамхананың қожайыны мен тойды жасап жатқандарға айыппұл салынатынын естідік», - деді Құлан ауылының азаматы.
Бұл ақпаратты Тұрар Рысқұлов аудандық әкімдігі де растады.
Олар бұндай қадамға қылмыстың алдын-алу үшін барғанын жасырмады.
«Ереже осы жылдың наурыз айынан бастап қолданыста. Бастапқыда тұрғындарды үйрету үшін, екі ай уақыт берілді. Одан кейін айыппұл салынатыны да хабарланды», - деді әкімдіктегілер.
Әкімдіктің мәліметінше, ережені аудандық «Ақсақалдар кеңесі» мақұлдаған.
Сондай-ақ, жергілікті биліктің талабына мейрамхана, тойхана, ойын-сауық орталығының басшылары қарсы келмегені белгілі болды.

16 қыркүйек 2019 ж. 361 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области