Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда түнде де сот өтеді

Қазалыда түнде де сот өтеді

Қазалы аудандық соты «Түнгі сот» пилоттық жобасын іске қосты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Қазалы аудандық соты баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жоба аясында жол-көлік қозғалысы ережелерін бұзған материалдар сағат 18.30-дан 22.00-ге дейінгі аралықта қарауды бастап кетті.
Әкімшілік іс бойынша автокөлік басқаруға құқығы жоқ күйде азамат Е. «LEXUS RX 300» маркалы автокөлігін басқарған. Оған қоса, ереже бұзушы тежегіш орнына газ педалін басып, тұрғын үйге соқтығысқан. Соның салдарынан жәбірленушілерге материалдық шығын келтірген.
Аталған іс бойынша тараптар уақыттарын үнемдеу үшін және істі қарау мерзімін қысқарту мақсатында сот мәжілісін жұмыс уақытынан тыс, яғни «Түнгі сотта» қарау туралы өтініш білдірді.
Түнгі сот әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша азамат Е-ге Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 101 010 теңге айыппұл салды.
Сот отырысы аяқталған соң іс бойынша тараптар түнгі соттың тиімділігін, даудың тез шешілуін, уақыт үнемділігін, істі жұмыс уақытында бөлінбестен шешуге мүмкіндік беретіндігін жеткізіп, оң бағаларын берді.
07 желтоқсан 2018 ж. 425 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области