Қызылорда облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды
Kyzylorda-news.kz. Нәметша Сержан Қасқырұлы Қызылорда облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
С.Нәметша 1952 жылы туған. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты мен Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін бітірген.
Әр жылдары Қармақшы аудандық партия комитетінде нұсқаушы, облыс әкімінің көмекшісі, Қызылорда қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқарма бастығы қызметтерін атқарған.
2006-2015 жылдары облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, жұмылдыру дайындығы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларын басқарған.
2015 жылдан бастап осы кезге дейін «Қызылорда электр тораптарын тарату компаниясы» акционерлік қоғамында ішкі аудит қызметінің бастығы лауазымында қызмет атқарып келді.