Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 18 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Бауырыңыз сыр беруі мүмкін. Мәзіріңізден ысталған және майлы тағамдарды алып тастаңыз. Шығыс биімен айналысыңыз. Ол сіздің көңіл күйіңіз бен дене бітіміңізге, ас қорытуға жақсы әсер етеді.
Торпақ
Мәселені өзіңізге қолайлы, дәстүрлі әдіспен уақытында шешіңіз. Кешті тыныштықта, жалғыз өткізген абзал.
Егіздер
Сіздің белсенділігіңіз бен тіл табысқыш қасиетіңіз сізді беделді ортамен байланыстырып, жақсы достармен табыстырады. Өзіңізді жақсы жағынан көрсетіңіз, бірақ жауапты тапсырмаларды жауапкершілігіңізге алмаңыз.
Шаян
Бүгін армандар орындалатын күн. Саяхаттауға, жаңа бизнесті жобалауға, саудамен айналысуға қолайлы уақыт. Қонақ шақырмағаныңыз жөн.
Арыстан
Іскерлік және қаржылық мәселелерді кейінге қалдырыңыз. Мемлекеттік бюджетпен жұмыс істейтін адамдар әсіресе сақ болу керек. Кез келген қателік үлкен қиындықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Бикеш
Бүгін әл дәрменіңіз құрып, ұйқышылдық басады. Оған қарамастан жаңа серіктестермен іскерік байланыс орнатыңыз
Таразы
Бүгінгі күніңіз табысты болмақ. Достарыңызбен немесе романтикалық кештерге қолайлы күн. Банк пен қаржы саласындағы мекемелерге баруды кейінге қалдырыңыз.
Сарышаян
Бүгінгі күніңіз сәттілікке толы. Жұмысыңызда тиімді келісімшарттар мен ұсыныстар болады. Сіздің үйіңізде жаңа адамдар пайда болуы мүмкін.
Мерген
Бүгін сіздің көптеген жоспарларыңыз орындалады. Ісіңіз алға басады, бірақ кейбір достарыңыз сізді тастап кетеді. Меценаттар мен басшылардың қолдауына сенім артыңыз.
Тауешкі
Бүгін туыстарыңыз бен жұмысыңызда келеңсіздік орын алады. Ескі байланыстарды қалпына келтіруге және нығайтуға, жақын адамдарыңызға көмектесуге көп күш жұмсап, назар аударуыңыз керек.
Суқұйғыш
Идеяны ойлап тапқан суқұйғыш бизнеске белсенді түрде кірісе алады. Жұмысыңыз табыс әкеледі. Ал жоспарлар әрқашан іске асып, айтарлықтай жетістіктерге жететініне көз жеткізіңіз.
Балықтар
Бизнес саласындағы күтпеген кедергілер мен бәсекелестердің артуы мүмкін. Аяқ астынан қабылданған шешімдер туындаған мәселелерді шешуге көмектеседі.