Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 17 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін отбасыңыз бен қаржыға байланысты көптеген қиындықтар туындайды. Сондай-ақ мәселелеріңізді шешуге көмектесетін беделді тұлғамен танысуыңыз мүмкін.
Торпақ
Мінез-құлқыңызды айналаңыздағылар түсінбеуі мүмкін. Сондықтан қиялыңызды шарықтатпай, әрекеттеріңізге мән беріңіз. Өміріңізде оң өзгерістер әкелетін кездесу болуы әбден мүмкін.
Егіздер
Тым қызғанышақ болмаңыз. Өз жетістіктеріңізді өзгелермен салыстырмаңыз. Сіздің күш-қуатыңыз көп нәрсені жүзеге асыруға көмектеседі. Мансабыңызға әсер ететін күрделі тапсырманы орындайсыз, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысуыңыз мүмкін.
Шаян
Бұл күнді өте белсенді өткізе аласыз. Кәсіби тұрғыдан өте қолайлы күн болмақ. Сондай-ақ жарысқа қатысып жеңіске жете аласыз. Жеке басыңыздың мәселесін шешудің мүмкіндігі пайда болады. Кешті балаларыңызбен бірге өткізіңіз.
Арыстан
Бүгін жеке басыңызға қатысты мәселелерді шешуге тура келеді. Сүйіктіңіз болса, оның ықыласының жетіспеушілігін сезінесіз. Осы мәселені тезірек шешуге тырысыңыз. Өзіңізді сауда-саттықпен алдап, көңіліңізді басқа нәрсеге бөліңіз.
Бикеш
Бүгінгі күнді іскерлік кездесулермен өткізесіз. Жұмыс іздеп жүрген болсаңыз, достарыңызбен сөйлесіп көріңіз, бәлкім біреуі ұсыныс жасауы мүмкін. Жеке басыңызға қатысты мәселелерді кейінге қалдырыңыз.
Таразы
Бүгін бірнеше үлкен жетістікке қол жеткізуіңіз мүмкін. Кәсіпкерлікпен айналыссаңыз, жаңа белестерді бағындыруыңыз мүмкін. Жеке өміріңізде де айтарлықтай өзгерістер орын алуы мүмкін, бірақ кішіпейілділік жайында ұмытпаңыз. Кешке ақшаңызды текке шашпаңыз.
Сарышаян
Бүгін сізді сәттілік күтіп тұр. Басшылық идеяларыңызды қолдауы әбден мүмкін. Жеке өміріңізде де жақсы өзгерістер орын алуы ықтимал. Бірақ көңіл-күйіңіз тұрақсыз болады. Сезімдеріңізді құрсауда ұстап, кешті тынығуға арнаңыз.
Мерген
Бүгін көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Бәсекелестермен күресіп, мансабыңыздың өскенін қаласаңыз немесе ұнатқан адамның жүрегін жаулағыңыз келсе, бүгін сәтті күн. Өміріңіздің көптеген саласында жетістіктерге жетесіз. Сөзіңіз бен әрекеттеріңізге абай болыңыз. Кешті сүйіктіңіздің жанында өткізген абзал.
Тауешкі
Бүгін арманыңызға жетуге ұмтыласыз. Сіздің жайдары мінезіңіз айналаңыздағыларға да әсер ететін болады. Салы суға кетіп жүрген жандардың өзі сіздің қасыңызда өзін көтеріңкі көңіл күйде сезінеді.
Суқұйғыш
Бүгін ерекше ештеңе болмайды. Күнді күйбең тіршілік пен тұрмыстық мәселелер және қаржы тапшылығын шешумен өткізесіз. Мәселелерді шешуде отбасыңыз бен достарыңыздың көмегіне жүгінуге болатынын естен шығармаңыз. Кешке спортпен шұғылдануға уақыт табыңыз.
Балықтар
Жаңа идеяларыңызды жүзеге асыруды басқа күнге қалдырыңыз. Әйтпесе көптеген кедергілерге тап боласыз. Негізгі тосқауыл күшіңіздің сарқылуы немесе қорыңыздың тапшылығы болуы мүмкін.