Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 29 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.


Тоқты
Бүгін өзіңізге сырт көзбен қарап, сыншы боласыз. Іс-әрекеттеріңізге есеп беріп, айналаңызда болып жатқан жайттарға баға бересіз. Сіз осылайша өміріңізді жаңа арнаға бұрып, алға қарай нық қадамдар жасайсыз. Бірақ бұл қадамдарды жасау үшін батылдық қажет екенін ұмытпаңыз.

Торпақ
Қайсыбір істі қолға алсаңыз да оны жасауда қиялға ерік беріңіз. Бүгін романтикалық қарым-қатынасыңыз жақсара түспек. Егер сіз біреуге ғашық болсаңыз, оған тосынсый жасап, оны таңқалдыруға тырысыңыз.

Егіздер
Айналаңызда болып жатқан жайттарды түзетуге тырыспаңыз. Жұрттың өмір сүру қалпын өзгертемін деп жүргенде уақытты текке кетіріп, жүйкеңізді жұқартасыз. Келісім шарттар жасасу кезінде біршама қиындықтар туындауы мүмкін.

Шаян
Қаржыға қатысты құжаттарды дайындау, жиыстыру кезінде мұқият болыңыз. Ақшаны оңды-солды шашпауға тырысыңыз. Бүгін киім-кешек, зергерлік бұйымдар және опа-далапқа ақша шығындамағаныңыз дұрыс.

Арыстан
Бүгін барлығының назарына ілігесіз. Сондықтан да сіздің сыртыңыздан әңгіме-сөз еруі мүмкін. Сіздің жетістіктерге қол жеткізгеніңізге біраз адам қызғанышпен қарайды. Мұндай жағдайда шыдамдылық, сабырлылық танытыңыз.

Бикеш
Ұқыптылық пен жұртпен тіл табысу қиын мәселелерді шешуге көмектеседі. Өзіңізге сенімді болыңыз. Шығармашылық идеяларыңызды жүзеге асыруға тырысыңыз. Бірақ оны әбден ой елегінен өткізіп және оның шындыққа жанасатындығына көз жеткізіңіз.

Таразы
Бүгінгі уақытыңызды отбасыңызға арнаңыз. Балалардың тәрбиесіне мән беріп, жарыңызға көңіл бөліңіз. Электр тоғына қосылатын заттарды пайдаланғанда абай болыңыз. Өміріңізде болып жатқан жағдайларды өзгертуге асықпаңыз. Жаңа идеяларды тиянақтап алған дұрыс.

Сарышаян
Шығармашылық жолдағы жандар, әсіресе, журналистер мен жазушылар жандар үшін бүгінгі күн өте сәтті өтпек. Әйел адамдардың сауда-саттықта жолы болады. Бұл күн достармен басқосуға қолайлы болмақ.

Мерген
Бүгінгі күнді отбасыңызбен өткізіңіз. Отбасы мүшелерімен әңгіме-дүкен құрып, емен-жарқын болыңыз. Бұл барлығыңызға бірдей жақсы көңіл-күй сыйлары анық.

Тауешкі
Мәселелеріңізді шешуге оңтайлы күн. Көмек күтпеген адамнан қолдау табасыз. Достармен кездесуге барасыз. Басы бос «тауешкілердің» жаңа таныстықтары махаббатқа ұласуы мүмкін.

Суқұйғыш
Ақшаны босқа шашпаңыз. Әсіресе, кездесіп жүрген жанға бола көп шашылудың қажеті жоқ. Бұл кеңеске құлақ аспасаңыз, қаржылық дағдарысқа ұшырап қалуыңыз мүмкін.

Балықтар
Бүгінгі күн сіз үшін өте сәтті болмақ. Артық қаражатыңыз болса, базар аралаңыз немесе қаражатыңызды депозитке салыңыз. Жаныңыздағылардан көмегіңізді аямаңыз. Бұл жақсылығыңыз еселеніп қайтатынына сеніңіз.

Дайындаған Динара МАХАНОВА

29 қаңтар 2019 ж. 456 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области