Қызылордада «Учаске» республикалық профилактикалық шарасы жүргізілуде
Kyzylorda-news.kz. ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, республика аумағында 15 қыркүйек-10 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Шараның басты мақсаты – халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру, олар тарапынан жасалатын қайта қылмысты болдырмау болып табылады.
Профилактикалық шараға учаскелік полиция инспекторлары және ішкі істер органдарының басқа да құзырлы қызмет салаларымен қатар Пробация қызметінің инспекторлары да жұмылдырылды.
Шара барысында пробация қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандарды мекен-жайлары бойынша тексеріп, олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғаспақ.