Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Облыс әкімі мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесті

Облыс әкімі мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесті

Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында партияның облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов өңірдегі жарымжан жандармен кездесіп, олардың ұсыныс пікірлерін тыңдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оның ішінде мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға ерекше назар аударуды, олар үшін тең мүмкіндіктер жасауды тапсырған болатын. Бұл бағытта Сыр өңірінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Кездесу барысында аймақ басшысы бұл жұмыстарды егжей-тегжейлі айтып өтті.
«Облыста 30 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Олардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін 2013 жылдан бастап, әр екі жыл сайын арнайы жол картасы бекітіледі. Соңғы алты жыл ішінде осы жол картасын жүзеге асыру үшін әлеуметтік төлемдерді есептегенде бюджеттен 23 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Биыл осы мақсатқа 937 млн.теңге бөлініп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге арттық. Әлеуметтік оңалту шараларын орындауда біз соңғы 3-4 жыл көлемінде республика бойынша бірінші орында келеміз. Үстіміздегі жылы аймақта оңалту шаралары 80 пайызға орындалып, республика бойынша орташа есеппен 57 пайызды құрап отыр. Бұл жылдан жылға көбеймесе, азаймайды деді», - Қуанышбек Ысқақов.
Кездесуде мүмкіндігі шектеулі азаматтар тарапынан мүгедектікті, жәрдемақыны тағайындау, тегін дәрі-дәрмектер алу, өзге өңірлерге барып ем қабылдау үшін квота бөлу, жолда жүру жеңілдіктері сондай-ақ, ғимараттарға, оның ішінде жаңадан салынатын ғимараттар мен тұрғын-үйлерде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыру секліді мәселелер сөз болып, тиісті жауаптар берелді.
«Ерекше қажеттілігі бар жандардың жүріп тұруына көптеген кедергілер бар екенін жақсы білемін. Барлық проблемаларды бір күнде шешіп тастау мүмкін емес. Әлі де шешімін таппаған мәселелер бар. Солардың бірі әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі. Дегенмен қала инфрақұрылымы ол үшін әлі де толық бейімделмеген. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясымен қабылданған «Кедергісіз келешек» жобасы аясында тиянақты жұмыстар қолға алынды. Барлығы қарыжыға келіп тірелгендіктен олар кезең –кезеңімен шешілетін болады деді»,- аймақ басшысы.
Жиында көтерілген өзекті мәселенің бірі инватакси қызметі. Жасыратыны жоқ бүгінде кресло арбада отырған мүгедектерді тасымалдау үшін инватакси қызметін алушылар саны жылдан жылға көбейіп отыр. Соның салдарынан бөлінген қаржы көлемі де жетіспейді. Бұл орайда облыс әкімі тиісті басқарма басшыларына тапсырмалар берді. Және кездесуге келген азаматтарға өзінің ризашылығын білдіріп, осы жерде айталған ұсыныс пікірлердің барлығы 2025 жылға дейінгі мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі жаңа Ұлттық жоспардың аясындағы жол картасында ескерілетіндігін атап өтті.

19 қыркүйек 2019 ж. 666 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области