Қызылордалық жастарды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында соңғы жылдары жастар саясаты мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп, жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Қызылорда облысы әкімінің 2019 жылға арналған бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарында да жастар мәселелеріне айрықша басымдық берілген.
Мәселен, 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялауын жүзеге асыру мақсатында Жастар жылына арналған кешенді іс-шаралар жоспары мен NEET (жұмыс жасамайтын және оқымайтын жастардың үлесі) санатындағы жастарды, оның ішінде 2018 жылғы түлектерді жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша Жол картасының шараларын жүзеге асыруды ұйымдастыру қолға алынған.
Сондай-ақ, К.А.Тимирязев атындағы Ресейлік мемлекеттік аграрлық университетінде, Санкт-Петербургтік мемлекеттік технологиялық университетінің өсімдік полимерлері, Ресей Федерациясының Мәскеулік ұлттық зерттеу-технологиялық университетінде грант бойынша оқып жатқан алғашқы 153 қызылордалық түлектерді жұмысқа орналастырылатын болады.
Облыста жастар мен жасөспірімдерге салауатты өмір салты мәдениетін бойларына қалыптастыру, денсаулығын нығайтуда заманауи қадамдарды талқылау және озық тәжірибелермен бөлісу мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай республикалық ғылыми–тәжірибелік конференциясын өткізу қолға алынуда.
Қызылордалық жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында халықаралық тренерлерді тарта отырып, жастар денсаулық орталығының мамандарын жасөспірімдердің өрбіту жасындағы денсаулығын қорғау мәселелері бойынша білімді жетілдіру курсы мен ұлттық жаттықтырушыларды тарта отырып, «Ата-аналық дағдыларды қалыптастыру» бағдарламасы бойынша 15 тренерлерді оқыту және қалыптастыру ұйымдастырылады. СОнымен қатар, денсаулықты қорғау мәселесі бойынша жастардың денсаулық орталығы волонтерлары үшін халықаралық тренерлерді тарта отырып мастер-класстар өткізілмек.
Халықаралық еріктілер күніне орай үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, «Салауатты ұрпақ – Ұлт саулығының кепілі!» ұранымен республикалық жастар денсаулық орталықтарының еріктілер слеті өтеді.
Өңірімізде мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру үшін бірқатар шаралар қолға алынды. Атап айтқанда, «Қызылорда облысы бойынша 2021 жылдарға дейінгі мемлекеттік жастар саясатын дамытудың Жол картасы» бойынша өңірде салааралық ынтымақтастық жалғаса беретін болады.
Биыл Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы Жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысы аяқталмақ.
Ал, облыс жастарының денсаулығын одан әрі нығайту мақсатында жастардың зиянды мінез-құлық факторлары мен салауатты өмір салты туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру, облыстық жастар денсаулығы орталығының базасында «Симуляциялық кабинет» ашу және қажетті муляждармен жабдықтау, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты аймақ» жобасы шеңберінде кең ауқымды ақпараттық кампанияларын өткізе отырып, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулыққа ықпал ететін мектептер», «Салауатты университеттер», «Салауатты жұмыс орындары» жобаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, жастар арасында салауатты өмір салты дағдыларын үйрету және мінез-құлықтық тәуекел факторларының алдын алу бойынша жұмыстар күшейтіліп, кәмелетке толмаған жасөспірімдерге темекі және ішімдік сатудың алдын алу, мектеп асханаларында тәтті газдалған сусындар, фаст-фудтар және тағы сусындар сатылымын болдырмауға қоғамдық рейдтер жыл бойы жүргізіледі.
Облыс әкімінің бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарына сәйкес, жастар ортасының радикалдануының алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту жалғаса беретін болады.