Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – ДАМУДЫҢ КІЛТІ

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – ДАМУДЫҢ КІЛТІ


Статистикалық мәліметтерге сәйкес Қызылорда халқының 24 пайызын жастар құрайды. Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде облыста 14 пен 29 жас аралығында 190101 азамат тіркелген.
- Үстіміздегі жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға облыс бойынша жергілікті бюджеттен 650 млн. қаржы бөлінді. Қаралған қаржы есебінен жастардың түрлі әлеуметтік бастамаларын қолдау мақсатында 42 әлеуметтік тапсырыс орналастырылды. Өткен жылы ҚР қоғамдық даму министрлігі тарапынан республика бойынша тиімді әлеуметтік жобалардың тізімі іріктеліп, өңірде жүзеге асырылатын жобалар ішінен 5 жоба басқа облыстарға үлгі ретінде ұсынылды, - дейді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.
Аймақта жастар саясатын жүргізу еліміздің бас құжаты – Ата заң, «Жастар саясаты туралы» Заңымен қатар облыс әкімімен бекітілген Аймақтың даму Жоспары, «2021 жылға дейінгі жол картасы», «NEET» санатына жататын жастармен жұмыс жасау, «Жастардық бос уақытын және шығармашылығын ұйымдастыру» шаралар жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
Аймақтың даму жоспарында көзделген негізгі индикаторлар бойынша жастардың 14-29 жас аралығындағы қанағаттану деңгейі мен 93 пайызға жеткізу көзделген. Бірінші жартыжылдық нәтижесінің өзінде бұл көрсеткіштер орындалды.
Жастар саясаты мәселесінің негізгі басым бағыттарының бірі – аймақта жастар жұмыссыздығын азайту.
Бұл мақсатта жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Рекрутинг» орталығы арқылы әр түрлі меншіктегі 20-дан астам кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатылған. Өткен жылы 316 жұмыссыз жас құрылысшылар жасағының құрамына тартылса, қазіргі таңда құрылыс жасағына 47 жас жұмысқа тартылып жыл көлемінде 300 жасты жұмыспен қамту жоспарлануда.
17 тамыз 2018 ж. 804 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области