Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мұғалімдер үшін жаңа мемлекеттік сыйлық тағайындалады

Мұғалімдер үшін жаңа мемлекеттік сыйлық тағайындалады

Kyzylorda-news.kz. Парламент Мәжілісінде «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мұғалімдерге қатысты материалдық емес ынталандыру шаралары қарастырылған. Бірінші кезекте балабақшадан орын беру мәселесі ескерілген. Сонымен қатар, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапатының жаңа түрін енгізу де бар», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Оның сөзіне қарағанда, әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру ұсынысы да назарға алынып отыр.
«Ауылдық жерде жұмыс істейтін мұғалімдерді еңбекақысын арттыру, «Үздік педагог», «ЖОО-ның үздік оқытушысы» гранттары сияқты қолданыстағы барлық әлеуметтік кепілдіктер де міндетті түрде заң жобасында сақталды», - деді А.Аймағамбетов.
19 қыркүйек 2019 ж. 330 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области