Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Ұлағат ұландары» жасағының «Qarbyz Fest - 2019» шарасы өтті

«Ұлағат ұландары» жасағының «Qarbyz Fest - 2019» шарасы өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы орталық алаңда «Ұлағат ұландары» жасағының «Qarbyz Fest - 2019» шарасы өтті.
Жастардың басын қосқан «Qarbyz Fest - 2019» облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорының «Педагогикалық жасақтардың қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған.
Өздерін «Ұлағаттықтар» деп атайтын педагог ұйымдастырушылар биылғы жылы өздерінің 20-шы жазғы тынығу лагерь маусымын аяқтады. «Педагогикалық жасақтардың қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында жаз маусымында 40 студент-жас облысымыздағы 8 тынығу лагерінде тәлімгерлік қызмет атқарды.
Шара барысында Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов сөз сөйлеп, жаз мезгілінде тынығу лагерьлерінде белсенділігімен көзге түскен тәлімгерлерді маусым қорытындысымен құттықтап, үздіктерді марапаттады.
«Qarbyz Fest – 2019» фестивалі биылғы жылы сегізінші мәрте қала тұрғындарын қызықты сайыстарымен, көңілді концерттік бағдарламасымен қуантып келеді. Шараға қала тұрғындары, жастар ұйымдары, жас көшбасшылар және «Ұлағаттықтар» қызмет атқарған лагерь тынығушылары қатысты. Қала жастары «Қарбыз кескіш», «Қарбыз жегіш», «Қарбыз көтергіш» сынды сайыстар бойынша бақ сынасты. Кештің ерекшелігі лотерея да, қонақтар назарынан тыс қалған жоқ. Ол үшін қатысушылар өздері алып келген 1 қарбызды лотерея билетіне айырбастау қажет. Фестиваль соңы би кешімен аяқталды.
22 қыркүйек 2019 ж. 317 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области