Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда есірткі сататын 4800 сайт бұғатталды

Қазақстанда есірткі сататын 4800 сайт бұғатталды

Kyzylorda-news.kz. Есірткі саудасына қарсы тұру үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері интернет кеңістігін үнемі қадағалап отырады. Осы уақытқа дейін есірткі сататын 4800 сайт бұғатталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде жыл сайын маусым айынан қазан айына дейін ауқымды «Көкнәр» операциясы өтеді. Мақсаты – есірткі қылмыскерлерінің іс-әрекетін тоқтату.
«Синтетиканы» саудалау жақсы табыс әкеледі, сондықтан қылмыскерлер түрлі айла-тәсілдерге барады. Мәселен, 9 шілдеде Алматы облысының Талғар қаласының пошта бөлімшесінде салмағы 110 грамм 7 экстази салынған пакеті бар 27 жастағы алматылық әйел ұсталды. Сәлемдеме әйелге Нидерланды Корольдігі атынан жіберілген. Сондай-ақ, тамыздың соңында Павлодар қаласында тінту кезінде ұрланған затты үйде сатушылардың бірінен 667 грамм «жылдамдық» психотропты заты табылды» делінген хабарламада.
Байланыс құралдарының дамуына байланысты есірткі сатушылар тұтынушымен жүздеспей-ақ сауда жасай бастады. Интернет-сайттардың көмегімен олар есірткі сатып, оны келісілген жерге қояды. Тұтынушы мен сатушы бір-бірін көрмейді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларға қарсы тұру үшін интернет кеңістігін үнемі қадағалап отырады. Осы уақытқа дейін олар барлығы есірткі сататын 4800 сайтты бұғаттап, интернет-дүкендердің мекенжайы бар 1200 граффитиді анықтады.
23 қыркүйек 2019 ж. 273 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области