27 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар
1980 жылы Манилада өткен Бүкіләлемдік туристік ұйымдар Бас Ассамблеясының шешімімен жыл сайын атап өтіледі.
Google-дің туған күні
Google.com домендік есімі 1997 жылғы 15 қыркүйекте, ал Google Inc. компаниясы 1998 жылғы 4 қыркүйекте тіркелді. Алайда, 2005 жылдан бастап компанияның туған күні ресми түрде 27 қыркүйекте атап өтіледі.
1929 жылы астық дайындау науқаны кезінде Сырдария округінің Бостандық ауданының (қазір Өзбекстанға қарайды) тұрғындары кеңес үкіметінің ауыр салық салуына және зомбылық әрекетіне қарсы қарсылық көрсетті. Көтерілісті ұйымдастырушылар Т.Мұсабаев, У.Майлыбаев болды, оған 500-ге тарта адам қатысты. Берішмолла қыстауының қасындағы ұрыста оларға И.Шаныбековтің басмашылар жасағы көмекке келді. Көтерілісті Мемлекеттік саяси басқарманың жасақтары күшпен басты. Көтерілісшілерден 50 адам қазаға ұшырады, 2 адам ату жазасына кесілді, 36-сы - 10 жылға сотталды, жетеуі - 5 жылға жер аударылды.
2007 жылы Семейде Қазақстандағы бірінші автобус құрастыру зауыты - «DAEWOO BUS KAZAKHSTAN» ЖШС ашылды.
2012 жылы «Эйр Астананың» әуепаркін толықтырған жаңа Embraer 190 әуе лайнері Қазақстан аумағында және көрші елдерге ұша бастады. Әуе лайнеріне әйгілі қазақ күйшісі, композитор Дина Нұрпейісованың есімі берілді.
2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясына қатысу үшін АҚШ-қа барған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты «Болашақ» стипендиясы бойынша АҚШ жоғары оқу орындарында оқып жүрген қазақстандық студенттер қарсы алды. Олардың арасында Батырхан Шүкеновтің Америкада білім алып жатқан ұлы Мақсұт та болды. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа әкесінің әндер жинағын сыйға тартты.