Жел, жауын, найзағай – cәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Түнде және күндіз кей жерлерде жауын-шашын жауады (жаңбыр, жылбысқы қар) жел күшейеді, тұман түсіп, оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдайды.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тұман күтіледі.
Алматы облысының найзағай кезінде, күндіз Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Карағанды облысының оңтүстік және оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігіңде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.