Қазақстанның 7 өңірінде үсік жүреді
Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігінде антициклон ағымына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тек республиканың солтүстік, орталық және шығысының кей жерлерінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Күндіз және түнде кей жерлерде жауын-шашын жауады, кей жерлерде жел күшейеді, тұман түседі.
Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Карағанды облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.