Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Еліміздің 8 өңірінде үсік жүреді

Еліміздің 8 өңірінде үсік жүреді

Kyzylorda-news.kz. Карск теңізі аймағынан келетін солтүстік циклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына ықпалын тигізеді, сонымен байланысты құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде түнде көбіне жаңбыр түріндегі жауын-шашын жауады. Республиканың тек оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде антициклон жотасының орналасуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Жекелеген өңірлерде тұман күтіледі, желдің күші 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.
Жамбыл, таңертең және күндіз Түркістан, күндіз Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан түнде және таңертең Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Карағанды облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

27 қыркүйек 2019 ж. 283 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области