Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қылмыс жиі жасалатын жерлерге модульдық бекеттер орнатылады - ІІМ

Қылмыс жиі жасалатын жерлерге модульдық бекеттер орнатылады - ІІМ

Kyzylorda-news.kz. ІІМ неғұрлым криминогендік учаскелерде модульдік бекеттер орнатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ халыққа ыңғайлы болу үшін криминогендік учаскелерде және құқық бұзушылыққа бейім жерлерде модульдік үлгідегі стационарлық полиция бекеттерін орнатуды жоспарлап отыр.
«Модульдік бекеттер барлық коммуналдық жайлылығымен (желдеткіш, су құбыры, кәріз, жылу), коммуникация (компьютер, телефон, радиостанция) және қауіпсіздік (бейнебақылау, «шақыру домофоны» жүйесі) жүйелерімен жарақтандырылады. Осындай бекетте полицейлер тәулік бойы қызмет көрсетеді. Таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін учаскелік полиция инспекторы бекетте болады және азаматтардың өтініш-арыздарын қабылдайды» делінген хабарламада.
Күзет орындары мен іргелес аумақтарда құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қорғау үшін патрульдік қызметтің кезекшілігі ұйымдастырылады.
Бұл жаңалық азаматтардың өтініштеріне полицияның уақытылы және сапалы әрекет етуін қамтамасыз етеді, оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау тиімділігін арттырады деп күтілуде.
Модульдік үлгідегі стационарлық бекеттер жергілікті атқарушы органдардың жәрдемімен қылмыс жиі жасалатын жерлерге орнатылады.

27 қыркүйек 2019 ж. 276 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области