Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралдағы мұражай қайта жаңғырды

Аралдағы мұражай қайта жаңғырды

Kyzylorda-news.kz. Былтыр Аралдан шыққан тұңғыш министр, мемлекет және қоғам қайраткері, Арал ауданының құрметті азаматы Құдайберген Саржановтың туған жердің тарихы мен танымын айғақтайтын, мұрасын ұлықтайтын жеке мұражайы ашылған болатын. Биыл осы ғасырданда ұзақ жылға жалғасар, елдің мұрасына айналар жеке мұражайдың қоры кеңейіп, жасақталып, халықтың игілігіне қайта ұсынылуда.

Осы орайда, Сыр өңірінде абыроймен еңбек еткен, ел мүддесі жолында аянбай тер төккен, еліміздің балық шаруашылығы саласының дамуына айтулы үлес қосқан Қазақ ССР Балық шаруашлығының министрі, мемлекет және қоғам қайраткері Құдайберген Саржановтың «Суреттер сыр шертеді» атты мұражайында тағылымды шара өткізілді.
Игілікті шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы қатысып, Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын іске асыру бағытында ашылған мұражайдың маңыздылығына тоқтала отырып, келешек ұрпаққа өз өлкесін таныту жолында бұл ғимараттың орны ерек, аса құнды дүние екендігін тілге тиек етті.
Одан әрі мұражайды тамашалауға келген аудан қонақтары туған жердің, еліміздің тарихынан сыр шертетін кітаптар мен жазбаларды көріп, ризашылық пікірлерін білдірді.
Шара барысында Арал аудандық атқару комитетінің төрағасы, Партия комитетінің бірінші хатшысы болған Болатбек Ақпанбетов пен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ардагер журналист Шәкірат Дәрмағамбетов сөз алып, осындай құнды, тарихи мұражайдың кеңейтіліп, жасақталып жатқаны құптарлық іс екенін атап, ізгі лебіздерін жеткізді.
Өз кезегінде Құдайберген Саржанов та сөз тізгінін алып, Рухани мұралардан сыр шерткен шара қонақтарын мұражаймен таныстырып, біршама құнды материалдармен толықтырылған мұражай төрт бөлімнен тұратынына тоқталып өтті.
30 қыркүйек 2019 ж. 339 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области