Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Білім саласындағы жемқорлық азаймай тұр

Білім саласындағы жемқорлық азаймай тұр

Kyzylorda-news.kz. Соңғы жылдары Республика бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сақталып отырған салалардың бірі – білім саласы. Осы орайда «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері өңірдегі білім, ғылым салаларындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының жағдайын талқылады.

Жиынға «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова, облыс прокурорының орынбасары Нұрлан Ерманов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Әлия Әлімқұлова, облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңес пен Партиялық бақылау жөніндегі комиссия мүшелері, жоғарғы оқу орындарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында тиісті сала басшылары атқарылған жұмыстар бойынша хабарлама жасап, комиссия тарапынан жасалған ескертулерді орындауға уәде етті.
Атап өту керек осы кезге дейін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы қызметін атқарып келген Наурызбай Байқадамов басқа қызметке ауысуына байланысты Мақсұт Нәлібаев аталған қоғамдық кеңестің төрағасы етіп сайланды.
30 қыркүйек 2019 ж. 341 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области