Сыр елінің жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты тақырыпта облыс жастарымен кездесу өтті.
Оған «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарова, облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы А.Ерсейтовтер қатысып, жастарға мемлекет саясатының басты басымдығының бірі ретінде күн тәртібінен түспей отырған сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу мәселелерін түсіндіріп, жан-жақты талқылады.
Жиында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарова партия тарыпанан осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, жемқорлықпен күрес тек бір партияның, болмаса арнайы ведомствалардың айналысатын жұмысы емес, бұл баршамызға ортақ қағидаға айналуы керектігін айтты.
Осы орайда қоғамның қозғаушы күші жастарды сыбайластықты емес, сабақтастықты, әділетсіздікті емес, әділдікті, өшуді емес, өрлеуді көздеген елдің еңсесін тіктеп, жемқорлықпен бірге күресуге шақырды.
Шараға 400-ге жуық жастар қатысты.