МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ
Облыс әкімдігінде сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланған мәжіліс өтті.
Жиынды кіріспе сөзімен ашқан облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Шотаев сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекет саясатының негізгі басымдығы екенін жеткізді. Мұнан кейін облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларындағы қоғамдық індеттің алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы сөз болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Жандарбеков, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басқарма басшысы Бағдат Ізкенов арнайы хабарлама жасады.
Мәжіліс соңында тақырыптық видеоролик көрсетілді.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ