Қала әкімі ардагерлермен кездесті
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін, ақ жаулықты аналар мен ардақты ағалармен кездесті.
Зейнет жасында болсада қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, қоғамның дамуына зор үлес қосып жүрген ардагерлерді шаһар басшысы "Құрметті азаматы" атағымен және алғыс хаттармен марапаттады.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ардагерлерге әлеуметтік қолдаулар көрсетілуде. Бұл жұмыстар тек мереке күндері ғана емес, үнемі жүргізіле бермек. Жыл басынан бері мың жарымға жуық ардагерлерімізге бірқатар демалыс, оңалту орталықтарына жолдама берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тиісті жалғасын табатын болады",- деді қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы.