Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘЙЕЛ ҰСТАЗДАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ӘЙЕЛ ҰСТАЗДАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ


    Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ұстаздар қауымын құттықтады.
    Мерекелік шараға қала мектептерінен 300-ге жуық ұстаз бен білім саласының ардагерлері қатысты.
    «Бүгінгі қоғамда нәзік жандылар сан түрлі саланың қыр - сырын меңгерген. Әсіресе, білім саласында ұлағаттылықтың ұлы жолын таңдаған ұстаздар қауымында - нәзік жандылардың алар орны ерекше. Бұл сөзімнің бір ғана дәлелі, қазіргі таңда қала мектептерінде 6 мыңнан астам ұстаз қызмет етсе, солардың 90 пайызын нәзік жандылар құрайды. Бұл дегеніміз, әйел ұстаздардың еліміздің ең басты байлығы - адами капиталын дамыту жолында, яғни өскелең ұрпаққа білім беру жолындағы белсенділігі, беделі мен мәртебесінің көрінісі», - деп атап өтті қала әкімі.
    Сонымен қатар, ұстаздар қауымына сахнада орнатылған экран арқылы ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Комитет төрағасы Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, ауыр атлетикадан бірнеше дүркін әлем чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Илья Ильин жүрекжарды тілектерін жолдады.
    Шаһар басшысы 20 ардагер ұстазға арнайы әзірленген сыйлықтарды табыстап, білім саласында еңбегімен еленген 10 мұғалімді түрлі номинациялар бойынша марапаттады. Тағы 101 педагог қалалық білім бөлімінің грамоталарымен атап өтілді.   



06 наурыз 2018 ж. 765 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области