Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал теңізінің орнына 6 жылда 56 мың гектар жерге сексеуіл отырғызылды

Арал теңізінің орнына 6 жылда 56 мың гектар жерге сексеуіл отырғызылды

Жерді бүліну мен шөлейттен қалай құтқаруға болады? Бұл мәселені Алматыда Орталық Азия ғалымдары мен саясаткерлері талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл форум Біріккен Ұлттар Ұйымының «Даму» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Мамандардің есебінше, Орталық Азияның әр елінде жарамсыз жерлердің аумағы 40-50 процентке дейін жетеді, осының кесірінен келетін жыл сайынғы шығын 12 жарым миллиард доллардан асқан. Біздің елдің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі орынбасарының айтуынша, Қазақстандағы жайылымды жерлердің 60 проценті тозуға айналған. Форумға қатысушылар жерді үнемдеуге арналған іс-шаралар жоспарын әзірлемек.
«Халықаралық ұжымдармен 30-дан астам жобаларды іске асырдық. Оның құны 50 миллионнан астам ақша доллар. Ал енді сол жобаның ішінде атап өтетін маңыздысы – Арал теңізінің бүгінгі қураған жердегі жердің жағдайы. Сол себептен біз осы 2008 жылдан бастап 2014 жылға 56 мың гектар жерге сексеуілді отырғыздық. Бұл жұмыстарды әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев.
10 қазан 2019 ж. 321 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области