Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 58 адамның 66 млн теңгесін алдап алған әйел сотталды

Қызылордада 58 адамның 66 млн теңгесін алдап алған әйел сотталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада пәтер алып беремін деген желеумен 58 адамды алдап кеткен азамат бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қызылорда облыстық прокуратурасы хабарлады.
Алаяқтықпен айналысқан әйел 2016-2018 жылдар аралығында жергілікті тұрғындардан ақша алдап алған. Ол тұрғындарға Қызылорда қаласының аумағынан салынып жатқан тұрғын үйлерден пәтер алып беретінін айтқан. Осылайша жәбірленушілердің сенімдеріне кіріп, олардан ақша алған. Нәтижесінде жәбірленушілерге 66 млн теңгеден астам мөлшерде шығын келтірген.
«Ол алаяқтық қылмысы үшін сотқа жауап беріп 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды» - деді Қызылорда облыстық прокуратурасы.
10 қазан 2019 ж. 330 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области