Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Халық» банкіне жұмысқа тұрғызамын деп алдаған әйел жазасын алды

«Халық» банкіне жұмысқа тұрғызамын деп алдаған әйел жазасын алды

Қызылорда қаласында алаяқтық жасаған әйел бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Қызылорда қаласының №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, айыпталушы бір емес, бірнеше заңсыз іс-әрекетке барған. Ол жәбірленушіге жалғыз басты аналарға төленетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындатып беремін деп 60 000 теңге көлемінде қаржы алған. Сонымен қатар, келесі жәбірленушіге «Халық» банкіне менеджер қызметіне жұмысқа орналастырып беремін деп 300 000 теңге көлемінде «сыйақы» алған.
«Сот залында сотталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындап, жәбірленушілерге келтірген шығынды растады. Сот алаяқтық танытқан азаматты кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ сотталушы зардап шеккендерге келтірген материалдық шығынды да толық өтейтін болады», – делінген №2 соты баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
21 желтоқсан 2018 ж. 524 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области