Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жыл басынан бері парақорлық бойынша 53 қылмыстық іс тіркелген

Қызылордада жыл басынан бері парақорлық бойынша 53 қылмыстық іс тіркелген

Kyzylorda-news.kz. Өңірімізде Республикалық «Пара берме» акциясы өтуде. Мақсаты әрбір азаматты пара алу және пара беруден сақтандыру. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ғалия Әлімқұлова баяндады.
«Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен парақорлық фактілері бойынша 53 қылмыстық іс тіркелді. Оның 50 пайызы ауыр қылмыстар қатарына жатады. Пара беру фактілері бойынша 21 қылмыс анықталған, олардың 19-ы сотқа жолданды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, біздің өңірде парақорлық деректері - халықты әлеумттік қорғау, білім беру, ішкі істер агенттіктері және аудан әкімдіктері мекемелерінде кездесіп отырған», - деді Ғалия Убайдуллақызы.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, пара алғаны үшін кінәлі адамның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, параның сексен еселенген сомасына дейінгі мөлшерінде айып пұл салынады.
Пара беруші мен пара алушының арасындағы жазадағы айырмашылық соншалықты көп емес, сондықтан азаматтар заңды бұзбас бұрын осыларды білуі тиіс.
11 қазан 2019 ж. 299 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области