Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 2600-ге жуық атыс қаруының иесі тексерілді

Қызылордада 2600-ге жуық атыс қаруының иесі тексерілді

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда.
Іс-шараның мақсаты – қаладағы жедел жағдайды тұрақтандыру, қызмет көрсетілетін учаскелердегі құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру.
Учаскелік полиция инспекторларынан басқа ауқымды шараға Қызылорда қаласының Полиция басқармасының барлық қызметтерінің, соның ішінде әкімшілік, көші-қон және криминалдық полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Сондай-ақ, іс-шараға Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қатысты.
«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында №10 тірек пунктінің учаскелік инспекторлары ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған 466 азаматты, қоғамға қарсы мінез-құлыққа бейім азаматтарды, тұрғылықты жері бойынша тексерді. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар мен қадағалаусыз жасөспірімдер анықталды.
Іс-шара аясында 15735 үй иелігі тексерілді, оның ішінде 8144 пәтер және 7591 жеке үй тексерілді. Барлық тұрғындармен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, осы әкімшілік учаскеге қызмет көрсететін учаскелік полиция инспекторының мәліметтерімен визиткалар таратылды. Жалға берілетін 274 пәтер араланды.
«Учаске» шарасы барысында тұрғылықты жері бойынша 2600-ге жуық атыс қаруының иесі тексерілді. Полиция қызметкерлері қаруды, оқ-дәрілерді және патрондарды сақтаудың ережелері мен шарттарды тексерді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
11 қазан 2019 ж. 317 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области