Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ажырасуға өтініш бергендер жастар көбейген

Қызылордада ажырасуға өтініш бергендер жастар көбейген

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде Қызылорда облысында азаматтық істердің қатарында неке бұзу көбейіп тұр. Бұл туралы қалалық соттың судьясы Жазираш Дербісалиева мәлімдеді.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында 1316 неке бұзуға талап арыз келіп түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 763-ке артық. Ажырасуға арыз қалдырғандардың 80 пайызы жас отбасылар болып отыр.
Сонымен қатар мемлекеттің тарапынан көрсетілетін көмекке ілігу мақсатында формальды түрде ажырасуға өтініш қалдыратындар да көбейіп келеді.
«Биыл неке бұзу туралы арыздар көптеп түсті. Сонымен қатар алимент өндіруге өтініш білдіргендер де көбейіп келеді. Бұл ажырасуға өтініш жасалған кезде қосымша тапсырылатын арыз болып саналады. Қазір 19-20 жастан үйленіп, бір жылдан соң ажырасып жатқандар көп. Жыл басынан бері әлеуметтік көмек алу мақсатында ажырасуға бел буғандар көбейген», - дейді қалалық сот судьясы Жазираш Дербісалиева.
Кейін сот барысында судья тарапынан ерлі-зайыптыларға «Әлеуметтік көмек алу үшін ажырасып жатқан жоқсыздар ма?» деген сауал төтесінен қоялады. Сол кезде шынын айтатын отбасылар да көп. Яғни, көмекке қол жеткізу мақсатында қағаз жүзінде екіге айырылуды жөн санайтындар баршылық көрінеді. Судья Жазираш Дербісалиеваның айтуынша, мұндай жағдайда іс қараусыз қалдырылып, кері қайтарылады.
12 қазан 2019 ж. 303 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области