Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сотқа түскен істер азайған

Сотқа түскен істер азайған

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет мәлімдеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Сонымен қатар, бүгінгі брифингке Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы және облыстық соттың судьясы Әділхады Шығамбаев, облыстық соттың судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші Шолпан Маликова қатысты.
Нақтырақ айтса, 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы соттардың өндірісіне істердің түсу көрсеткіші 15,1 пайызға азайған. Сондай-ақ, 2018 жылы апелляциялық сот алқасына түскен істер саны да азайған. 2017 жылмен салыстырғанда 32 іске немесе 12,3 пайызға азайған.
"Қазіргі уақытта біздің ұстанымымыз, істердің сотқа түсу көрсеткішін азайту, сотқа дейінгі татуласу рәсімдерін дамыту бағыты болғандықтан істердің түсу көрсеткішінің азайғаны құптарлық жағдай деп есептейміз. Сонымен қатар 1745 қылмыстық іс аяқталған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға азайған", - деді Б.Қалымбет.
Айта кету керек, бүгінде татуласуға көп мән берілуде. Әрбір төртінші іс татуласумен аяқталған. Яғни, медиация тәртібімен 421 қысқартылған.
01 наурыз 2019 ж. 429 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области