Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СОТҚА АРЫЗДАНУШЫЛАР САНЫ АЗАЙДЫ

СОТҚА АРЫЗДАНУШЫЛАР САНЫ АЗАЙДЫ


Қазіргі уақытта облыс соттарымен жүйелі түрде жұмыс жүргізу өз нәтижесін беріп, қойылып отырған талап - даулардың сотқа түсу деңгейін азайтып, даулардың тараптар арасында бітіммен аяқталу мәселесі артқандығы байқалады.
Айталық, Қызылорда облысы соттарының өндірісіне 2018 жылдың 9 айында 22 041 талап қою арызы, 646 азаматтық іс, 8155 әкімшілік іс түскен. Өткен жылмен салыстырғанда талап қою арыздарының саны 2 115 немесе 9,6% азайған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
Жиын барысында облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет ағымдағы жылдың 9 айында 1260 қылмыстық іс 1514 адамға қаралып аяқталғандығын мәлімдеді. Ал, өткен есепті мерзімде 1445 іс 1639 адамға қаралған болатын. Бұл өткен жылдың есепті мерзімінен-185 іске немесе 12,8 пайызға кеміген.
Есепті кезеңде облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына 2853 азаматтық, 144 әкімшілік іс түскен. Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында 263 адам жөніндегі 184 қылмыстық іс қаралған.
- Қызылорда облысы соттарында есепті кезеңде медиация тәртібімен 115 қылмыстық және 789 азаматтық, 567 әкімшілік, партисипативтік рәсім тәртібімен - 50 іс, татуласу келісімен 178 іс қаралды, - дейді Бақытжан Қалымбет.
11 қазан 2018 ж. 610 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области