Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұрсұлтан Назарбаев өзі салған суреттер көрмесін өткізбек

Нұрсұлтан Назарбаев өзі салған суреттер көрмесін өткізбек

Kyzylorda-news.kz. «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта немен айналысатындығын айтты.
«Әйтеуір өзіммен айналысуды армандаған едім. Бірақ, болмай жатыр. Мен қабылдауымды өтінгендерді қабылдаймын. Қазір мен ешкімді шақырмаймын. Менің Конституциялық, заңдық міндетім - партиямен айналысу. Мен партияның, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қауіпсіздік Кеңесінің басшысымын. Түрлі халықаралық форумдарға шақырулардан да бас тарта алмаймын. Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі уақытта Құрметті төрағасымын. Енді Түркітілдес мемлекеттер басшылары кеңесінің Құрметті төрағасы деп те сайлады. Дүйсенбі күні Бакуде өтетін кеңесіне барамын. Мұндай форумда Қазақстанға қатысты мәселелер, оның түрлі мемлекеттермен қарым-қатынасы, сауда-саттығы де шешіледі. Келісімдерге қол қойылады. Демек, мен осы істерім арқылы халқыма, еліме жұмыс істеймін», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.
Сонымен қатар Елбасы баяғыдан бергі арманымен де бөлісті.
«Ақырындап майлы боямен сурет саламын, пейзаж саламын. Музейге аяқталғаннан кейін қоямын. 30 сурет керек деп айтады. Менде қазір 30 сурет бар. Табиғатты саламын. Жауһар туынды емес шығар, бірақ, достарым, таныстар көрмеге қоюымды сұрап отыр. »Тоқтай тұрыңдар, алдымен салып бітейін. Одан кейін қоямын», деймін. Мұнымен баяғыдан айналысқым келген еді. Бірақ оған уақыт болмады. Домбырадан бөлек гитарада ойнағым келді. Қазір осы уақытқа дейін қолым тимеген түрлі кітаптарды көп оқимын. Саяси және көркем әдеби де туындылар бар», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті бос уақытында балаларына, немерелеріне көбірек көңіл бөлуге тырысатындығын да айтты.
«Президенттікіндей күнделікті қауырт тіршілігім жоқ. Жеңілдеп қалдым. Барлық істі, жұмысты бақылап отырамын. Ақылдасса, ақылымды айтамын. Ақылдаспаса, ақылымды айтпаймын. Бірақ, бірдеңе дұрыс болмай жатса, әрине бейжай отыра алмаймын»,- деді ҚР Тұңғыш Президенті.
14 қазан 2019 ж. 339 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области