Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары ЕЭК Құрметті төрағасы болды

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары ЕЭК Құрметті төрағасы болды

Kyzylorda-news.kz. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы атағын беру ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі шара еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 және Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімнің 5 жылдығына арналып отыр. Еуразиялық интеграция идеясының авторы және бастамашысы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке құрмет көрсетуге рұқсат етіңіздер. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің саяси көрегендігінің арқасында еуразиялық интеграция идеясы шынайы жүзеге асырылып, құрлықтың экономикалық, сонымен қатар геосаяси ландшафтын түрлендірді десек те болады. Сондықтан оның Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуындағы рөлін ескере келе РФ Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Әбішұлына Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің Құрметті төрағасы атағын беруді ұсынды», - деді Жоғары Еуразия экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысын ашқан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы ретте ҚР Президенті осы бастаманы көтерген В.Путинге және бастамаға толықтай қолдау білдірген кеңеске мүше мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдірді.


29 мамыр 2019 ж. 472 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области