29 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар
1994 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын ұсынды.
1995 жылы Қазақстан кәсіподақтарының екінші съезі өтті.
2006 жылы 1913-1918 жылдары ұлттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған «Қазақ» газеті ортамызға қайта оралды. ХХ ғасырдың басында ұлтымыздың азаттық рухының күміс қоңырауы болып, қазақтың көзі, құлағы, үні ретінде тіл қатып, тәуелсіздік идеясын ел арасында пәрменділікпен насихаттаған «Қазақ» газеті Алаштың ұлдары Әлихан, Ахмет, Міржақыптардың істерін жалғастыруды мақсат тұтқан.
2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевқа экономикалық реформаларды жүргізу саласындағы және мұсылман әлемі елдерінде позитивті диалогты кеңейтуге қосқан үлесі үшін «Мұсылман елдері арасындағы үздік басқару жүйесі» наградасы тағайындалды. Оны 2005 жылы Пәкістанның ағылшын тілді жетекші газеттерінің бірі - «Pakistan Observer» редакциялық коллегиясы бекітті.
2013 жылы Астана әкімдігі «EXPO» жобасы - экоқалашықтың құрылысына 100 гектар жер бөлді.
2014 жылы Афиныдағы Қазақстан елшілігінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «G-global: XXI ғасыр әлемі» атты грек тіліне аударылған кітабының тұсаукесеріне арналған «дөңгелек үстел» өтті.
2014 жылы Астанада Наурыз мерекесін тойлау аясында Иран мәдени күндері өтті.
2016 жылы ҚР Президенті жұмыс сапарымен Бельгия Корольдігіне барды.