Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда қандай 5 мамандық иесіне жұмыс табу қиын екенін білесіз бе?

Қазақстанда қандай 5 мамандық иесіне жұмыс табу қиын екенін білесіз бе?

Kyzylorda-news.kz. Елдегі тым артық мамандардың ТОП-5 тізіміне сонымен қатар техник-программистер (мыңнан астам түйіндеме), техник-технологтар (843), экономистер (837) және қаржыгерлер (736) кірді. Электронды еңбек биржасындағы резюмелер мен бос жұмыс орындары санының ара-қатынасы бойынша елде заңгер мамандары тым артық болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.Еңбек ресурстарын дамыту орталығы сарапшыларының мәліметінше, биылғы жылдың үшінші тоқсанында 2,4 мыңнан астам адвокаттың түйіндемесі еңбек нарығында сұраныссыз қалды. Айта кету керек, үшінші тоқсанда электронды еңбек биржасында заңгер мамандығы бойынша тек 644 бос жұмыс орнына хабарландыру орналастырылды. Ал бұл салада 3077 адам жұмыс іздеген.
Елдегі тым артық мамандардың ТОП-5 тізіміне сонымен қатар техник-программистер (мыңнан астам түйіндеме), техник-технологтар (843), экономистер (837) және қаржыгерлер (736) кірді.
Ең сұранысы төмен мамандықтар мынау: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері (707), фельдшер (687), дене шынықтыру және спорт мұғалімдері (582), аспаз (474) және шаштараз (413).
Сонымен қатар, 2019 жылдың үшінші тоқсанында мынадай мамандықтар төмен сұранысқа ие болды: эколог, биология мұғалімі, тігінші, психолог, бастауыш сынып мұғалімі, заңгер-кеңесші, мектепке дейінгі мұғалім, есепші, инженер-механик, фермер техник, есепші, биолог.
Еске сала кетсек, биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша еңбек нарығында адвокаттардың 3,6 мыңға жуық түйіндемесі қажетсіз болып қалған. Елдегі ең артық кәсіптердің ТОП-5 тізіміне сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер (2,4 мыңнан астам түйіндеме), аспаздар (2 мың), компьютер мамандары (1,5 мың) және іс-құжат жүргізушілер (шамамен 1,5 мың) кірген.
15 қазан 2019 ж. 322 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области