Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жүкті әйелдерге неліктен кофеден бас тартқан дұрыс?

Жүкті әйелдерге неліктен кофеден бас тартқан дұрыс?

Жүкті әйелдердің кофе ішуі түсік тастауға алып келуі мүмкін. Бұл туралы Америка ұрпақ өрбіту медицинасы ұйымының филадельфиялық конгрессінде таныстырылған зерттеуде жазылған.
АҚШ-тың Ұлттық денсаулық сақтау институтының ғалымдары 2007-2011 жылдары босануды жоспарлаған 1 228 әйелді бақылаған. Қатысушылардан сауалнамада кофені қаншалықты жиі ішетінін көрсетуін сұрап, артынша қанындағы кофеин мөлшері өлшеніпті. Мұнан кейін медицина қызметкерлері кофенің жүктілікке әсерін бақылапты.
Нәтижесінде күніне 2 шыныдан көп кофе ішу түсік тастау қатерін айтарлықтай арттыратыны анықталды. Бұл орайда атап өтерлігі, жүктіліктің алғашқы 8 аптасында әйелдерге құрамында кофеин бар сусындар кері әсер етеді екен.
«Олардың қатарында тек кофе емес, қуаттандыратын сусындар, тіпті шай да бар. Кофеинді барынша аз тұтынса да, нәресте салмақ жетіспеушілігі немесе басқа да кемшілікпен туылуы мүмкін. Ғалымдар неліктен дәл осы кофеиннің нәрестеге теріс әсер ететінін әзірге білмей отыр. Алайда оған кофе мен осы тәрізді басқа да сусындардың ынталандырушы әсері себеп болуы мүмкін деген ақылға қонатын болжамы бар. Біріншіден, мұндай сусындар адамның қан қысымын көтереді. Екіншіден, жүрек соғысын жиілетеді. Осының бәрі түсік тастауға алып келуі ықтимал», - делінеді хабарламада.
Зерттеушілер жоғарыдағы пікірге сүйеніп, жүктілік кезінде құрамында кофеин бар сусындардан бас тартуға кеңес береді. Ең дұрысы, бұған бала бойға біткенге дейін дағдыланған жөн, дейді ғалымдар. Сонымен қатар олар жүкті әйелдерге ауыр көтермеуге, дұрыс киім таңдауға кеңес береді.
«Десе де зерттеушілер кофеиннің жүкті әйелдерге әсері туралы асыра сілтеуі де мүмкін. Зерттеу нәтижесі нақты болмауы ықтимал. Себебі зерттеуге қатысушылар жалған ақпарат беріп, күнделікті ішетін кофенің мөлшерін азайтып көрсетуі мүмкін. Сондай-ақ, бірнеше жыл бұрын жүргізілген зерттеулерде ғалымдар кофе мен түсік тастау арасынан байланыс таппаған», - делінеді хабарламада.
Ғалымдардың кейбірі адамдар күніне 25 шыныға дейін кофе іше алады деген пікірде. Ұлыбританиялық ғалымдар 8 412 адам қатысқан зерттеу нәтижесінде осындай тұжырым жасаған. Қатысушылардың кейбірі күніне 20 шыны кофе ішіп, өзін жақсы сезініпті. Медициналық тексеру барысында олардың жүрек-қан тамырлар жүйесі кофені аз ішетіндерден нашар жұмыс істемейтінін көрсетті.

20 қазан 2019 ж. 306 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области