Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 16 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі.
Елдің басым бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді, тек батыста және оңтүстікте жауын шашынсыз ауа райы болжанады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Ақмола, кей жерлерде Қостанай облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде қатты жел соғып, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының күндіз Жаланашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
16 қазан 2019 ж. 213 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области