Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшы ауданы облыс бойынша қылмыс ең аз жасалатын аймақ ретінде тіркелді

Қармақшы ауданы облыс бойынша қылмыс ең аз жасалатын аймақ ретінде тіркелді

Kyzylorda-news.kz. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша аймақта 2262 салыстырулар, 832 мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 1653 бұзушылықтар анықталған. Осындай заңдылықты бұзушылықты жою мақсатында қадағалау жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқарма басшысының орынбасары Сакен Ыдырыс мәлімдеді.
«Өңірімізде қылмыстың жай-күйін анықтайтын «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» енгізілген. Аталған карта келесі қағида бойынша жұмыс жасайды. Қылмыс жасалған соң, ол қылмыстық қудалау органдарында тіркеледі. Картада қылмыстың жасалған күні, уақыты, мекен-жайы және қылмыстың түрі көрсетіледі. Бұл карта ғаламтор желісінде http://qamqor.gov.kz мекен-жайы бойынша кез-келген азаматқа қол жетімді»,- дейді Ыдырыс Олжабайұлы.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылы облыс аумағында қылмыс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 14,9 пайызға төмендеген. Өңіріміз бойынша қылмыс аз жасалатын аймақ ретінде Қармақшы ауданы тіркелді.
16 қазан 2019 ж. 686 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области