Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шиелі ауданында жаңа мешіт ашылды

Шиелі ауданында жаңа мешіт ашылды

Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданы Қарғалы ауылында жаңа мешіт ғимаратының ашылуы рәсімі өтті.
Салтанатты жиынға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек Әбуов, аудан әкімінің орынбасары Тұрмағанбет Жағыпбаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманжол Әбдірахманов, аудандағы қажылар қауымдастығының төрағасы Оразбай Мысырханов және жергілікті кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.
Қасиетті Құран Кәрім аяттарымен басталған шарада қонақтар ауыл халқын жаңа мешітпен құттықтап, ыстық лебіздерін жеткізген соң, лента қию рәсімі өткізілді.
Аудан экономикасының артуына ғана емес, әлеуметтің әлеуеті жақсаруына сеп болып жүрген аймаққа белгілі кәсіпкер Ә.Шорабаевтың демеушілігімен салынған мешітте бір уақытта 165 адамға дейін құлшылық жасай алады.
Жаңа құлшылық үйіне «Алтай қожа» атауы берілді.

17 қазан 2019 ж. 553 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру