Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Смартфондардың тез қартаюға әсер ететіні белгілі болды

Смартфондардың тез қартаюға әсер ететіні белгілі болды

Kyzylorda-news.kz. Гаджет экрандары шығаратын көгілдір сәуленің ұзақ уақыт әсер етуі көздің тор қабығы мен ми жасушаларына зақым келтіреді.
Мұндай тұжырымды АҚШ-тағы Орегон университетінің ғалымдары жасады. Зерттеу нәтижелері туралы қысқаша Science Daily басылымы жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
Сарапшылар Drosophila melanogaster шыбын денесінің күнделікті 12 сағаттық көгілдір жарық диоды әсеріне қалай жауап беретінін тексерді. Күндіз-түні жарық сәулесіне ұшырағандар бақылау тобындағы қараңғыда немесе жарықта сүзгіден өткен көгілдір сәулелерде жатқан жәндіктерден бұрын өліп жатты.
Эксперимент тобындағы шыбындарда мидың тор қабығы мен нейрондары, сондай-ақ қозғалыс белсенділігі бұзылған.
Кейбір жәндіктер көзі дамымай қалған мутанттар болды. Дегенмен, тіпті көзсіз шыбындардың да миында бұзылулар болды. Жалпы, көгілдір жарық қартаю процесін жеделдетіп, стресстен қорғаныс реакциясын жасауға қатысатын кейбір гендердің белсенділігіне әсер етеді.

26 қазан 2019 ж. 275 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области