Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ғалымдар артық салмақтан арылудың ең оңай жолын айтты

Ғалымдар артық салмақтан арылудың ең оңай жолын айтты

Kyzylorda-news.kz. Ғалымдар артық салмақтан тез арылудың құпиясын ашты, деп хабарлайды Stan.kz.
Құпия кілті – физикалық белсенділік. Десе де, оның өзін жіті қадағалауда ұстау қажет.
«Дене жаттығуын таңғы ас алдында істеген абзал. Бұл істі әдетке айналдырсаңыз, диабет және жүрек-тамырлар сынды аурулардың алдын аласыз», - дейді мамандар.
Зерттеушілер 6 апта бойы семіздікке шалдыққан 30 адамның қатысуымен тәжірибе жүргізіпті. Ғалымдар қатысушыларды үш топқа бөліп, бірінші топтағыларды жаттығуды таңғы астың алдында, екінші топтағыларды астан кейін, үшінші біреуін мүлдем жаттығу жасамауға көндіреді.
Гимнастикамен айналысқан адамдардың барлығы бірдей жылдамдықпен салмақ тастай бастаған. Дегенмен, олардың ағзаларындағы өзгешілік бірден байқалыпты. Бірінші топтағы еріктілер қанының құрамында инсулин мөлшері азайған. Өз кезегінде бұл өзгеріс диабет және қан-тамырлар ауруларын болдырмауға септігін тигізеді екен.
Зерттеудің нәтижесіне сәйкес, ғалымдар ерекше күтімге берілмей, қарапайым жаттығулардың көмегімен артық салмақтан арылуға болатынын ескертті. Ол үшін тек күн тәртібіне қарай әдетіңізді өзгертсеңіз болғаны.
26 қазан 2019 ж. 295 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области