Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МСҚ: Қызылорда облысындағы медицина ұйымдарына халыққа көрсеткен қызметтері үшін 36,1 млрд теңге төленді

МСҚ: Қызылорда облысындағы медицина ұйымдарына халыққа көрсеткен қызметтері үшін 36,1 млрд теңге төленді

Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2019 жылдың 1 қазанындағы мәліметке сәйкес, қордың жеткізуші компанияларына 36,1 млрд теңге төленген. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 80,5% құрайды.
2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге сұраныс білдірген медицина ұйымдарымен 44,8 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен еді. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 14 пайызға артық.
«Жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Руслан Бектібаев бізбен әңгімесінде.
Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 73 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 43 жеке меншік клиника да бар. Биыл олардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 7-ге артқан, яғни 14% құрайды.
Мемлекеттен тапсырыс алған жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.
Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.
24 қазан 2019 ж. 280 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области