Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде имамдар да атаулы әлеуметтік көмек ала алады

Елімізде имамдар да атаулы әлеуметтік көмек ала алады

Kyzylorda-news.kz. Табысы төмен болса, имамдар да атаулы әлеуметтік көмек ала алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен имамдар форумында вице-премьер Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Дәстүрлі жиында діни қызметкерлер атқаратын рәсімдердің тізімі, мұсылманның тұғырнамасы тақырыбы, өзге де мәселелер қаралды.
Үшінші мәрте ұйымдастырылған форумға 500-дей имам қатысты. Жиында ауқымды тақырыптар қамтылды. Мәселен, осы салаға жауапты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мешіт қызметкерлерінің жалақысына қатысты пікір білдірді. Өйткені Конституцияға сәйкес, дін мемлекеттен бөлек. Сондықтан оларға бюджеттен қаржы қарастырылмайды. Қазір арнайы қайырымдылық қоры құрылып, соның есебінен дін өкілдерінің еңбекақысын көбейту мәселесі қолға алынуда.
«Мемлекет діни адамдарға органдарға жалақы төлей алмайды. Себебі, діни мәселе мен мемлекеттік екі бөлек нәрсе. Зайырлы мемлекет. Фонд бар, сол арқылы қолдауды қарастырып жатырмыз», - деді Дәурен Абаев.
Форумдағы негізігі тақырыптың бірі - дін өкілдерінің атқаратын рәсімдерінің тізімі. Қазіргі таңда сәбиге ат қою, жаназа шығару, неке қию, дем салу секілді 45 қызметтің түрі бар. Алайда, бұл қызмет түрлері бойынша нақты бекітілген тариф жоқ. Оны ешкім қадағаламайды.
«Бірақ діни рәсімді өткізу кезінде оның ешқандай да оның қызмет ақысына, яки болмаса көрсеткен қызметіне ешқандай да ақы алмауы тиіс. Бәрі тегін болуы керек. Ең бастысы түпкі мақсаты тегін өткізу діни адамның міндеті", - деді ҚМДБ төрағасы Серікбай Қажы Ораз.
Ал Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, имамдардың табысы төмен болса атаулы әлеуметтік көмек ала алады.
Айтпақшы, әлеуметтік көмек демекші, мүфтият ғимаратының маңындағы көліктерге қарасаң форумға қатысушылардың жағдайы жаман емес сияқты. Ал, имамдар үшін діни тақырыптағы әңгімелер қызық емес пе, әлде алыс жолдан шаршап келді ме, кейбіреулері қалғып отырды. Қазіргі таңда елімізде 4 мыңнан аса имам бар. Ал 9 медресе-колледжде 1682 студент білім алуда. Ал жақында астанада тұңғыш рет қыздар медресесі ашылған болатын.
24 қазан 2019 ж. 331 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области