Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстан журналистикаcы әлемдік деңгейге шықты – министр Абаев

Қазақстан журналистикаcы әлемдік деңгейге шықты – министр Абаев

Kyzylorda-news.kz. Алматыда өткен XVI Еуразиялық медиафорумының кулуарында Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстан журналистикасының деңгейі туралы пікір білдірді, Sputnik Қазақстан.

"Мен мас-медианы қазақстандық, шетелдік деп бөлмеймін. Иә, барлық БАҚ-қа тән кемшіліктер бар. Бірақ қазақстандық журналистика әлемдік деңгейге жеткенін атап өту керек", - деп мәлімдеді Абаев.
Ақпарат министрі дәстүрлі журналистиканың әлеуметтік желілермен бәсекелесуі тақырыбына тоқталды. Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары беделді және халықтың сеніміне ие болуы тиіс.
"Бүкіл әлем әлеуметтік желілерде жазылған ақпараттан гөрі кәсіби журналистикаға көбірек сенеді. Журналистердің әлеуметтік желі қолданушыларынан айырмашылығы ақпаратты жариялаудан бұрын тексереді", - деп қосты Абаев.
Министр қазақстандық журналистика қоғамға сенімді дереккөздерден расталған ақпарат тарататынына сенімді.

24 мамыр 2019 ж. 426 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области