Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Цирктегі қойылым кезінде аю қожайынын жеп қоя жаздады

Цирктегі қойылым кезінде аю қожайынын жеп қоя жаздады

Kyzylorda-news.kz. Карелия республикасының Олонец қаласында цирк қойылымы кезінде аю өз үйретушісіне тап берді, деп хабарлайды Baq.kz.
23 қазан күні кешке болған оқыс оқиғаның видеосы желіде тарап кетті.
"Кадрларда үйретушінің айтқандарын екі етпей орындап жүрген аюды байқауға болады. Кейіннен жабайы жануар аяқ астынан ер адамды тарпа бас салып, жерге құлатады. Цирктің екінші қызметшісі дереу жүгіріп келіп, жыртқыш аңды аяғымен тепкілей бастайды. Алайда, жануар оның бұл әрекетіне назар аудармайды", - делінген хабарламада.
Видео авторының мәліметінше, оқыс оқиға орын алса да, цирктегі шоу жалғаса берген. Әйелдің айтуынша, ер адам аман-есен. Дегенмен, оның қандай жарақат алғаны белгісіз. Цирк көшпелі болған.

https://www.youtube.com/watch?v=t9BrdI0bVIg
25 қазан 2019 ж. 272 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области