Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер көпқабатты тұрғын үйдегі өртті сөндірді (видео)

Қызылордалық полицейлер көпқабатты тұрғын үйдегі өртті сөндірді (видео)

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер көпқабатты тұрғын үйден шыққан өртті сөндіріп, оқыс оқиғаның алдын алды.

Бұл оқиға ағымдағы жылдың 30 маусымында кешкі сағат 19:00-де орын алған. Бекітілген аумақты аралау барысында полиция қызметкерлері жиналып тұрған тұрғындарды байқап, дереу оқиға орнына жетеді. Сырдария мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы балконнан от жалындап, түтіндей бастаған. Бұл уақытта пәтер иелері үйлерінде болмаған.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері кіші сержант Әлихан Тұрғанов және аға полиция лейтенанты взвод командирінің орынбасары Жасулан Мамбетжанов қызмет барысында көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрттің алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
«Тұрғындарға өрт сөндіру қызметін шақыртуды сұрап, тілсіз жаудың алдын алу үшін Әлихан Тұрғанов балконға өрмелеп шығады. Ол өртке оранған ағаш үстел мен кілемді төменге лақтырады. Көршілердің көмегімен өрт өшіріліп, тілсіз жау біріккен жедел істің арқасында ауыздықталды. Осы сәтте Жасұлан Мамбетжанов барлық тұрғындарды өрттен қауіпсіз жерге алып шығып, жедел әрекет етті» деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орынан жедел жеткен өрт сөндірушілер полицей қызметкерлерінің іс-әрекетіне оң баға берді.


02 шілде 2019 ж. 643 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области