Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері әкімдермен бірдей жалақы алатыны рас па?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері әкімдермен бірдей жалақы алатыны рас па?

Kyzylorda-news.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Кадр жұмысы бойынша департамент басшысы Нұрлан Жақсымбетов агенттік қызметшілері алатын жалақы мөлшерін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстанда "Берекелі жұмыс орны" жобасын алғашқы енгізген мекеме. Қызметшілер арасында сауалнама жүргіздік. Сауалнаманың құпиялығы сақталды. Тәуелсіз сарапшыларымен жүргізілген зерттеу нәтижесінде қызметкерлердің 96% агенттіктің миссиясы мен құндылықтарын түсінетінін жеткізді. Олардың қаржылық мотивациясы жоғары көрсеткіштерге ие. Қызметшілердің жартысына жуығы жалақыны негізгі мотивация деп санайды. Агенттік қызметкерлері бүгінде мемлекеттік органдар ғана емес, корпоративтік құрылымдармен салыстырғанда ең жоғары жалақыны алады", - деді ол.
Жақсымбаетов агенттікке жұмыс өтілінсіз жаңадан келген сарапшының өзі қолына 250 мың теңге алатынын, бұл орталық мемлекеттік органдағы департамент басшысының жалқысымен бірдей екенін айтты. Ал аттестатталған қызметшілерден маңызды істер бойынша 15 жылдан астам жұмыс өтілі бар офицер қолына 600-700 мың теңге алады. Қызметшілердің жалақысын өсіру – агенттік ішіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін жасалған қадамдардың бірі.
Сондай-ақ, қызметшілердің төрттен бір бөлігі – карьералық өсуді, 10-11% жақсы әлеуметтік пакетті мотивация деп санайды. Ол осы бағыттағы маңызды аспектілердің бірі басшылар тарапынан кері байланыстың болуы екенін айтты. Респонденттердің 80% тікелей басшылар өз қарамағындағы адамдардың еңбегі мен кәсіби қасиеттерін объективті бағалайтынын жеткізді.
"Қызметкерлердің 80% сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте тұлғалық дамып, кәсіби шыңдарда көріну мүмкіндігі бар деп санайды. Агенттік қайта ұйымдастырылғаннан кейін 100 астам адамның лауазымы өсті. Қызметкерлердің 79% ұйым жемісті жұмыс істеу үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етілгенін айтқан. Спорт инфрақұрылымы, психологиялық көмек беру жағы шешілді. Жаттығу залы бар. Йога сабағы болады. Кез келген қызметші психолог көмегіне жүгіне алады. Қызметшілердің 92% денсаулығы, физикалық жағдайы жақсы. Психологиялық жағдай бойынша 80% позитивті, 20% нашар, стресс жағдайында жүргені анықталды. Бұл бізге берілген белгі, мұнымен жұмыс істейтін боламыз", - деді Жақсымбетов.
Департамент басшысы сауалнама нәтижесі қызметшілердің жеке өмірі мен жұмысы арасында тепе-теңдік бойынша мәселе барын көрсеткен. Қызметшілердің 73% жеке өміріне уақыт жетпейтінін, ал әрбір екінші қызметші екінші жартысымен айына бір рет қана кездесетінін айтқан. Агенттікті қайта ұйымдастыру кезінде 13 қызметші некеге тұрып, 33 қызметші балалы болған.
25 қазан 2019 ж. 232 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области